Что говорит скрип зубов

Скачать файл

  1. Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Келіңіздер, көріңіздер!

Жаңа жыл тойы басталды,

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Кең далада жар салып

Туды қаңтар жұлдызы.

Жасайды думан қарсы алып,

Еркін елдің ұл-қызы!

  1. Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған

Мұнда біз бар!

Жаңа жыл тойы басталды,

Бір орында тұрмаңдар!

Қадірменді балалар!

Ашық аспан төгіп тұр,

Қар жамылған дала, қыр

Есік ашып келіп тұр

Аңсап күткен жаңа жыл! –дей отыра бүгінгі жаңа 2013 жылды қарсы алуға келген 2 г,3г,3д класс оқушыларын қошеметпен ортаға шақырайық.

Хоровод: «Аппақ, аппақ жапалақтап»

1-жүргізуші:

Ақ көңілім айналады аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға!

Қыс қызығы басылмай ұласады

Қуанышы көп болсын Жаңа жылда,-дей отырып жаңа жылдық мерекемізді әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер.

Ән: «Ертегілер» 2 г Назерке, 3 д Жансая

2-жүргізуші: Рахмет қыздар. «Ертегілер» әні көңілімізді көтеріп жіберді. Солай ма балалар? Олай болса ертегілер әлеміне саяхат жасайық.

Қыс патшайымы: Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Аяз ата қайда? Аяз ата жоқ. Ақшақар да жоқ. Оларсыз қалай Жаңа жылды қарсы аламыз?

1жүргізуші Балалар, Аяз ата мен Ақшақарға не болғанын білу үшін сіздерді таңғажайып оқиғаларға толы орманға шақырамыз! Көрдіңдер ма балалар орманда әртүрлі шыршалар бар екен. Олай болса осы шыршаға арнап ән айтайық.

Хор: «Орманда шырша туыпты»

2жүргізуші Шыршалар әртүрлі болады екен ұзын, қысқы, үлкен, кішкентай. Олай болса «Шырша» ойынын ойнайық.

Ойын: «Шырша» шарты: егер мен ұзын десем қолдарыңды көтересіңдер, қысқа десем түсіресіңдер. Үлкен десем созасыңдар, қысқа десем қолдарыңды бір-біріне жақындатасыңдар.

1 жүргізуші: Мына әдемі шыршамыз жанбай тұр ғой. Қане, көркін келтірейік. Бұл ертегі әлемінде бәрі де мүмкін болады. Шыршамызды одан әрі көркемдетіп, жандырып көрейікші.

Балалар: Жасыл шыршы жан-жан!

Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады.

Қоян:— Саламатсындар ма балалар! Неткен әдемі балалар! Біздің орманға қош келдіңіздер. Жаңа жылдарың құтты болсын! Қәне, көңілденейік, би билейік. Менің кішкентай көжектерім, бөбектерім келіңдер, менің жаныма жиналыңдар. Орман көркін көтерейік.

Би: «Қояндар»

2-жүргізуші:Ал, қоян енді бізді тамашала. Сіз айтып отырған мына әдемі балалар ертегілер еліне барамыз деп қуыршақ биін дайындап әкеліпті.

Мың бұралған ақ қайындай

Қыздар шықсын ортаға.

Ал, ендеше қол соғайық

Қошеметпен қыздарға

Би: «Қуыршақтар» (2г Бибіханым, Айдана, 3 г Айсауле, Ақмерей , 3 д Динара, Әсемгүл) .

Түлкі: Мында не болып жатыр? Балалар көріп тұрмын. Орманда не істеп жүрсіңдер? Не іздедіңдер?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақарды іздеп жүрміз.

Түлкі: Сендер бұл үлкен орманнан Аяз ата мен Ақшақарды табамыз деп ойлайсыңдар ма?

Осы сәтте қасқыр келеді.

Қасқыр: Әй, қу түлкі –ай. Балаларды алдағың келіп жүр ғой. Аяз ата мен Ақшақар шаршап келе жатыр алыстан. Маған хабар жеткіз деген. Міндетті түрде жетеді.

1-жүргізуші: Олай болса түлкі, қасқыр сендерде бізге қосылыңдар. Бізбен бірге Жаңа жыл тойын тойлаңдар.

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.

Бейбітшілікұранымен, жеңіспен,

Жаңа жылда тағы да алға басамыз.

Келесі кезекте тамаша бір биге берейік.

Би «Үнді» 3г Гүлнұр

Арыстан: Алақай, алақай Аяз ата келе жатыр Ақшақарымен.

2-жүргізуші: Ендеше балалар Аяз ата мен Ақшақар бізді естісін, мынды қызық думан болып жатқанын көрсін десек, алыстан бізді естіп келсін десек, бәріміз дауыстап Аяз атаны шақырайық.

1-жүргізуші: — Ал енді балалар, құрметті қонағымызбен бірге, бәріміз Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
Барлығы бірге: — Аяз ата а-у-у-у-у-у-у, Аяз ата а-у-у-у-у.
(Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді.

2-жүргізуші: (Аяз ата мен Ақшақар жатқанда оқылады)

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Аяз ата:

Амансыңдар ма, балалар!

Алыс-алыс таулардан,

Орман, тоғай,баулардан,

Асу-асу белдерден,

Өзендерден, көлдерден

Алыс сапар жол шегіп,

Келіп жеттік сендерге.

Ақшақар:

Алыс-алыс, алыстан,

Көз жетпейтін ғарыштан,

Ақшақарл келді асығып

Өздеріңмен табысып.

Армызыздар ма, балалар. Өздеріңді сағынып келдікү Жаңа жылдарың құтты болсын!

1-жүргізуші: Армысыз Ата! Армысың Ақшақар! Біздің жаңа жылдық думанымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар ! Бүгінгі Жаңа Жылдық мерекемізбен құттықтап, балаларыңыз келіп отыр. Олай болса өз өнерімізді көрсетейік.

Аяз ата: Иә, қымбатты достарым, мен сендердің мына әсем шырша тойларыңа арнап қоржынымды сый-сияпатқатолтырып келдім.

Хор: Зырлайды шанамыз.

Ақшақар: Қәне, менің кішкентай ақшақарларым, келіңдер, тұрмайық, би-билейік.

Би: «Ұлпақарлар»

Тақпақтар

Ернұр 2 г

Жаңа жыл –туған елдің даналығы

Жаңа жыл-тұнық көзі тыныштықтың

Жаңа жыл-ұлы ақынның жыр кемесі

Жыңа жыл – бұл Жаңа нұр.

Нұрдәулет 2 г

Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт –береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.

Айсұлтан 2 г

Кел, Жаңа жыл,

Бар жұртты ұғыстырып,

Бауыр қылып, дос қылып, туыс қылып.

Сән-салтанат құрғанға не жетеді

Туған жердің төсінде тыныш тірлік!

Мейрамбек:

Гүлжан 2 г

2-жүргізуші: Орындалар әсем ән мен сәнді биіміз дей отыра ата-аналардың құрметіне әсем биіміз ба.

Би: Ламбада (2г Мейірім, Мадина, 3 г Гұлнұр, Сымбат, 3 д Сұлушаш, Диляра)

3 г Құралтай

Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да.

Көптен күтіп сағынған

Сәлем берді жұртыма.

Базарлықты баршаға

Әкеліпті ол тағы

Қарасын деп тамсана

Безендірдік шыршаны.

3 г Жазира

Көк шыршаны қар шалып

Күміс шапан жапты оған

Жаңа жылды қарсы алып,

Кел шырқайық бастап ән

3 г Рамазан

Тамаша сый алып

Келді Аяз атамыз

Шаттанып қуанып
шырқап ән айтамыз.

3 г Сұңғат

Жаңа жылым, жаңа жауған қардай бол

Жақсы тілек адамдарға арнай біл

Қуат алып әр жыл сайын арманым

Биіктерден биіктерге самғай біл.

Түлкі: Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар — ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар.

Қасқыр: Кәне құшақ ашайық, достъқ тойын жасайық

Жаңа жыл құтты болсын!
Достығымыз мықты болсын!
Жаңа жылдарыңызбен!
Балалар: Жаңа жыл құт береке әкелсін.

Би: «Аңдар биі»

1-жүргізуші: Кешіміз көңілді әнмен, бимен басталып кеткен сияқты. Бізбен бір жыл бойы бірге болып, бар қызықты бірге өткізген, бірге қуанып, бірге ренжіген, біз үшін үлкен қуаныш болған Ескі жыл Ұлу жылына рахмет айтып, құрметпен шығарып салайық.

Ұлу: Иә, достарым! Сендермен қоштасар кез келді.

(«Чёрный кот» әнімен)

1 Алуан жақсылық куәсі

Боп өткен жылдардың бірімін.

Халқыма мол ырыс әкелген,

Жарқ еткен жақсылық жылымын

Қайырмасы:

Халайық, қолпаштап,

Көңілдене қолды соғып билеңіз.

Сіздермен қоштасып та,та,та,та,та

Бірге билеп,билеп,билеп алайын.

2 Ұстаздар үміті ақталған

Ерекше еске алар жыл болдым.

Тәуелсіз елімнің ұрпағы

Қуантып шаттыққа бөленген.

3 Ал, достым, Жаңа жыл төрге ен

Мол ырыс өзіңе тілер дос.

Аттаған қадамың құтты боп

Халқыңды қуантып үлес қос.

Балалар: Қош бол ескі жыл!

Жолбарыс: Ей, құрбылар, жарқын жақсы адамдар!

Жаңа жыл келеді! Жыл келеді! Қараңдар!

Жаңа жыл(жылан):

Жақсылыққа бағыттаған

Жыланмын мен Жаңа жыл!

Жаңа жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл.

Ұлу жылының мерекесін,

Мерекеге жалғаймын.

Елде,жерде,табиғатта,

Бейбіт жолды қолдаймын.

2-жүргізуші: Қош келдің, Жаңа жыл!

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы арманы

Жақсы дәстүр көбейсін.

Балалар: — Қош елдің, Жаңа жылым қазағыма
1-жүргізуші: Ендеше келесі кезекті әнге береміз

Жеке ән: «Қош келдің Жаңа жыл»

2-жүргізуші: Келесі кезекте тағы да бір тамаша биге береміз.

Би: «Сайқамазақтар» (2г Амантөре, Жанарыс, Амир, 3г Арман, У. Рамазан, Әділет, 3 д Ақарыс, Нұрлыхан, Әлфараби)

1-жүргізуші: Енді балалар біздерді тамашалауға, қызықты думанымызды көруге ата-аналарымыз келіп отыр. Енді кезекті сол ата-аналармен ойын ойнаймыз.

Ойын ата-аналармен: «шырша ойыншықтарын жина» шарты: шарды жіпке жалғап, ата-аналарға байлап шырша ойыншықтарын жинау.

2-жүргізуші: Ал, Аяз ата, Ақшақар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әні мен әдемі биімен әдемілік сыйлаған өнерпаздардың табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін биші балаларыңыз тағы бар. Сол биші балаларыңыздың бал биін тамашалаңыз.

Би: «Бал биі» (2г Ұлан-Назерке, Мадина-Асылжан, Исламбек-Мөлдір, 3 д Санат-Айда, Алинұр-Жанерке, Тайр-Динара)

Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар!
Жылан: Балалар, көңілдеріңді түсірмеңдер. Мен сендер бір жыл бойы бірге боламын. Думандарыңды бір жыл бойы бірге тамашалаймын.

1жүргізуші:

Ерлерім, ел намысын түйіп белге,

Келеді қолым жетіп биіктерге.

Тілегі қабыл болып Атамыздың

Жаңа жыл құт боп келсін сүйікті елімізге! –дей отыра бізде шаһарымызға қайтатын уақыт таяп қалған секілді. Орманда қызықты бірақ қайтуға тура келеді.

2-жүргізуші: Қане, өз елімізге қайтарда Жаңа ұлу жылымызбен бірге жолда әндетіп жүрейік.

Аңдармен қоштасу.

Хор: Жаңа жыл

1-жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
2-жүргізуші: Құрметті 2г,3г,3д ата-аналары осы шырщаны безендіруге ат салысқандарыңыз үшір мектеп әкімшілігі артынан үлкен рахмет айтамыз. -Жаңа 2013 жыл — Жылан жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
Жүргізушілер: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!


Закрыть ... [X]

Английские цифры, английский счет, счет по-английски Анекдоты современные 2016

Что говорит скрип зубов Что говорит скрип зубов Что говорит скрип зубов Что говорит скрип зубов Что говорит скрип зубов Что говорит скрип зубов Что говорит скрип зубов